Жүзге жуық домбырашы астаналықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүзге жуық домбырашы астаналықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады © astana.gov.kz

Жүзге жуық домбырашы Астана тұрғындарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтаны сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүзге жуық домбырашы Астана тұрғындарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтаны сілтеме жасап.

Есіл ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Mega Silk Way ойын-сауық-сауда орталығында "Ұлы дала мұрагерлері" ұранымен флэш-моб өтті. Онда жүзге жуық домбырашы елорда тұрғындарын ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, Құрманғазының "Балбырауын", халық күйлері "Тепеңкөк" және "Келіншекті" орындады.

"Флешмобқа халықаралық мектеп пен Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қатысты. Бір күннің ішінде әртүрлі қалада орналасқан 20 орталықтың тұрғындары ұлы даланың ұлттық композицияларын тыңдап, шабыт беретін музыкалық тосын сыйға куә болды. Биылғы мереке "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының 10 жылдық мерейтойының аясында өтуде", - делінген хабарламада.


© astana.gov.kz

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар ауызбіршіліккке баулуға, рухани құндылықтарды дәріптеуге, ұлттық мұрамызға деген мақтаныш пен патриоттық тәрбие беруге өзінің септігін тигізеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети