АҚШ-қа барғанда не білу керек? Бастысы Борат болмау.

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Америка жайлы аңыздар мен мифтер өте көп. Бұл елді біреу мақтайды, біреу жамандайды, алайда ешкімнің де назарын аудармай қоймайды! АҚШ жайлы мәліметтерді оңай тауып аласыз, бірақ мен осы құрлыққа барған кезімдегі бірінші айларда таңғалған, тамсанған және өкіндірген жағдайлар жайлы толығырақ айтып бергім келеді. Адам баласының не нәрсеге болса да бой үйрететіні белгілі, сондықтан алғашқы әсер адам ойында көпке сақталып қалады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Америка жайлы аңыздар мен мифтер өте көп. Бұл елді біреу мақтайды, біреу жамандайды, алайда ешкімнің де назарын аудармай қоймайды! АҚШ жайлы мәліметтерді оңай тауып аласыз, бірақ мен осы құрлыққа барған кезімдегі бірінші айларда таңғалған, тамсанған және өкіндірген жағдайлар жайлы толығырақ айтып бергім келеді. Адам баласының не нәрсеге болса да бой үйрететіні белгілі, сондықтан алғашқы әсер адам ойында көпке сақталып қалады. 

1. Қазақстанда қол көтеріп тұрған жолаушыны қалаған адам барар жеріне дейін апарып тастап, бір мезетте такси болып кете салады. Ал Америкада олай емес. Мұнда такси тоқтату - проблема емес, жол жиегіне тұра қалсаңыз болды, санаулы секундтарда көлік келіп тоқтайды. Бірақ ол тек ресми такси болады. Ал егер такси қызметін ұсынуға рұқсаты жоқ адам тоқтап, белгілі бір сомасына жеткізіп тастауға ниет білдірсе, жолаушы оған ешқашан отырмайды, бұл аз десеңіз полиция шақыртады. Жолдың ақысы да есептеуші құралмен немесе мәселен әуежайға жеткізудің бекітілген тарифі сияқты құны төленеді. Әрине, Uber және Lyft сияқты қызметтерді де ұмытуға болмайды - мұнда осы қызметтер өте танымал. Белгіленген жерге келсеңіз, шай-пұлы ретінде 10-15 доллар қыстырыңыз.

2. Шай-пұл - бөліп қарастыратын маңызды тақырып. АҚШ-та оның жалпы есепке қосылмайтынын, бірақ оның міндетті екенін ешқашан ұмытпаңыз! Мейрамханаларда, таксилерде және салондарда өзіңіз есептеп, төлеміңіздің үстіне кем дегенде 10-15 пайыз тағы да қосып беруіңіз керек. Бұл ережені бұзсаңыз, олар мұныңызды дөрекілік деп ұғып, өз әрекетінің қай тұсының қате болғанын сұрауы мүмкін. Ал одан кейін әдеппен ғана шай-пұл тастауыңызды сұрайды. Мұның себебі не? Себебі сізге қызмет ұсынушы компанияның қызметкерінің жалақысы осындай шай-пұлдардан құралады! Сондықтан да мұнда шай-пұлға аса қатты мән береді. 

3. Шай-пұл жайлы айтқанымда олардың әдеппен ғана сұрайтынын бекер айтып отырған жоқпын. Америкадағы қызмет - әлемдегі ең үздік сервис саналады, бұл сөзімді теріске шығармай-ақ қойсаңыз болады. Мұнда барлығы "Клиенттікі әрқашан дұрыс!" деген ұранмен жұмыс істейді. Сізге ешқашан дөрекі сөйлемейді, күлімсіреп, қызметінің сапасына көңіліңіздің толған-толмағанын сұрастырады. Ал егер қызмет сапасына көңіліңіз толмаса, персонал әдетте өз қателігін түзеуге тырысады. Қонақүйге барып, қоқым немесе қоқыс тауып алдыңыз ба - ашулануыңызға рұқсат! Осыдан кейін бұдан да үлкен әрі жайлы бөлмеге көшіріп берсе таңғалмаңыз. Бірде Amazon жолданған кітапты бір ғана рет бір күнге кешіктірген, сосын қолдау қызметіне хабарласқан едім, жарты сағаттың ішінде кешірім сұрау туралы ұзақ мәтін мен "ынталандыру сыйлығын" жолдап, оның үстіне сәлемдемелерімді бір ай бойы тегін жеткізіп тұратын жағдай жасап берді.

4. АҚШ-та зат сатып алсаңыз кез келген тауарды жаң түрінде де, қолданғаннан кейін де қайтарып бере алатыныңызды естен шығармаңыз. Мұнда мәселе киім мен техника жайлы ғана емес. Велосипед сатып алдыңыз делік, оны екі ай қолдандыңыз, бірақ сапасына көңіліңіз толмады - дүкенге қайтарып беруіңізге әбден болады! Супермаркетте бір қорап балмұздақ сатып алдыңыз делік, ал үйіңізге барғанда ол дәмді болмай шықса - тауарды қайтары, дүкеннің кешірім сұрауын күтіңіз. Опа-далап сәйкес келмей қалды делік, мұнда да "ала көзбен" қарамай, қайтарып алады! Әрине, тауарды қайтаратын белгілі бір мерзімі болады, көп жағдайда бұл 90 күнге созылады. Ал кейде қолыңызды чек болмаса да тауарын қайтып алады - мұнда олар өз тұтынушыларына деген сенімін көрсетеді. Таяуда ғана бір әйелдің тауарларды қайтарып, 300 долларын алғанын көрдім.

5. Тауар сатып алудағы тағы бір маңызды мәселе - жеңілдіктер. Америкалықтар - дүкендердегі белгілі бір акцияларға үйреніп қалған халық, олар белгілі бір затты өзінің толық құнына сатып алудан жиі бас тартады. 80-70 пайыз жеңілдіктер - аңыз емес. Мұнда арзандатылған тауар нашар немесе мерзімі өтіп кеткен дегенді білдірмейді. Рождество немесе Алғыс айту күнінде дүкендерде міндетті түрде жеңілдіктер жасалады. Хэллоуин немесе Валентин күнінің қарсаңында кәмпиттерді жеңілдікпен сатады. Ал мерекеден кейін олардың бағасы тағы да түседі. Жыл сайынғы "қара жұманы" да (Black Friday) ұмытуға болмайды, мұнда рождестволық жеңілдікпен сату маусымы басталады, тауарды бұл кезде 80 пайыз жеңілдігімен сатып алуға болады. Әдетте техника дүкендерінде осындай жеңілдіктер көп болады. 

6. АҚШ-та фильмдер мен музыкаларды Интернеттен заңсыз жүктеп алуға тыйымның барын ұмытпаңыз. Мұнда осындай қылмыс үшін заң өте қатал, авторлық құқықтың бұзылуы - ойыншық емес. Егер фильмді сатып алғыңыз келмесе кез келген дүкеннен жалға ала аласыз. Мұнда компьютер ойындарын да жалға ала аласыз.

7. Америкадағы кинотеатрлардың жұмысы да әдеттегіден ерекшеленеді. Билет сатып алу арқылы сіз белгілі бір орынды сатып алмайсыз. Егер кешігіп келсеңіз, зал тола болса - сіз келесі сеансты күте аласыз. Мұнда сіздің билетіңізді тексеріп тұратын адамдар болмайды. Ал кейде студенттер бір билет сатып алып, бір фильм аяқталғанда екінші залға кіріп кетеді. Бұлай жасауға болмайды. Көптеген кинотеатрларда mommy movies сеанстары өтеді. Мұндай фильмдерге баламен келіп, залда ол шу шығарса, сізге ешкім ренжімейді. Мұнымен қатар,  low-cost кинотеатрлары бар, мұнда екі доллар беріп, бір күн бойы кино көре аласыз.

Жалғасы бар...

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro