Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

Алатаяқтылар туралы анекдот неге көп?

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ Алатаяқтылар туралы анекдот неге көп? ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Анекдот өмірден алынады ғой. Матай деген бір ағамыз бар. Мінезі ақкөңіл, қашан көрсең емен жарқын. Бірде сол ағамыз жеңіл көлік сатып алады. Содан қуаныштан «жүз грамдатып» жүріп, сонау тау қойнауындағы нағашыларына тартады ғой. Жиенінің қуанышына нағашы қуанбасын ба? Дереу мал сойып, көлігіне көрімдік ретінде мата жауыпты. Дастархан жайып, жиенін жақсылап күтіп жібереді.

Негізі біздің тау жақта көшеде МАИ қызметкерлерінің тұруы өте сирек кездеседі. Араққа тойып алған ағамыз көлігін әрең-әрең жүргізіп келе жатса, дәл сол күні үлкен көшенің бұрылысында «гаишниктер» тұр дейді. Дереу тоқтатады. Өзі мас, оның үстіне көлігінің құжаттары дұрыс емес. Бірақ ауыл арасы, аудан орталығына алып кетуге көз таныс. Содан «гаишниктің» біреуі ағамызды оңашаға шығарып алып, ақша сұрайды ғой. Ағамыз былай шығып қалтасын қарайды. Көк тиын жоқ. Ары тұрады, бері тұрады. Болмаған соң көлігіне барып келеді де, әлгі «гаишникті» оңашалап ап:

– Бауырым, ақша болмай, ұятты болып тұрмын... Мата бар, мата аласың ба? – дейтін көрінеді. МАИ қызметкері «алмаймын, кете беріңіз» деп азар-безер болса да ағамыз көлігіне жапқан жабуды тықпалап қоймайды дейді. Ары қарай не болғанын қайдам, бірақ, мұғалім ағамыз сол жолы МАИ-ден аман-есен құтылыпты.

...Ел ішінде МАИ туралы осындай анекдот, күлдіргі әңгімелер өте көп қой. Кез келген көлік жүргізушісімен сөйлесіңізші, ала таяқтылармен арада болған жағдайды майын тамызып айтып береді. Бірақ, байқайсыз ба, солардың барлығы дерлік өз әңгімелерінде МАИ қызметкерін ақымақ, түк білмейтін, дөрекі, тіптен иіс алмас қып суреттейді. Жүргізушілер үшін МАИ жол бойында тек ақша жинау үшін тұрады, бұлар жол ережесін бұзған сайын олар қуанады, жай құжаттарын тексеру үшін тоқтатса да бірден «бірдеңе дәметіп тұр» деп ойлайды. Әрине, шопырлар да мұндай әңгімелерді аспаннан алмайтыны белгілі. Алатаяқтылардың алақаны қышығаны бір бөлек, олар сол параны алу үшін ойлап таппайтындары жоқ қой. Өткенде ғана «Титус» сайтында шымкенттік бір МАИ қызметкерінің ана құжатты бір сұрап, мына құжатты бір сұрап, ақыры түк таппаған соң жүргізушіге «РНН, СИК-ің бар ма?» деп тиіскенін айдай әлемге көрсетті.

Ал, бірақ шын мәнінде МАИ қызметінің өміріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде алар орны ерекше. Өзіңіз ойлаңызшы, егер жол бойында МАИ қызметкерлері тұрмаса, онда жүргізушілер ойына келгенін істер еді. Онсыз да әдемі көлікке мінсе әруағы қозып кететін кейбір қызуқанды шопырлар, әсіресе жастар жағы бір-бірімен жарысып, бірін-бірі қуалап, оның соңы орны толмас өкінішке ұласып жатқаны жасырын емес. МАИ болмаса жүргізушілер мас күйінде көлік жүргізуден қорықпас еді. Бұл тек өзінің ғана емес, басқа да адамдардың өміріне қауіп төндіру деген сөз. Мас күйінде көлікті қатты жүргізгендіктен адам қағып кетіп немесе қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, өз жолымен кетіп бара жатқан қаншама бейкүнә адамдардың тағдырына әп-сәтте нүкте қойып тастаған оқиғалар бүгінде жиі кездеседі. Міне, осының бәрінің басында «тәк-тәк» деп, тәртіпке шақырып ала таяқты ағайындар тұр. Егер олар болмағанда «Темірден болар көлігің, темірден болар өлімің» деп Майқы би бабамыз кезінде айтып кеткендей, үлкен трассаның бойы толған тас белгі, ескерткіш болар еді. Құдай бетін аулақ қылсын.

Иә, айта берсең, жүргізушілердің де қызықтары жетерлік. Тіпті МАИ-ға күлетіндей жағдайы жоқ. Қайбір жылы Алматыда бір ірі кәсіпкер ме, жоқ, әлде үлкен бір шенеунік пе, әйтеуір ұлан-асыр той жасапты. Той өтетін жер қаланың шетінде болса керек. Сол қуанышқа шақырылған бір әнші тойдан-тойға бас сұғып жүріп, кешігіп, көлігімен асығып келе жатыр екен. Шамасы көлік жүргізуді жаңадан үйренген, жол белгілерін де әлі жақсы ажырата алмайтын болуы керек. Тек бір бағытта қозғалуы тиіс үлкен жолмен қарама-қарсы жүріпті. Түн іші, қаладан шыға берісте тұрған МАИ қызметкерлері мұны бірден тоқтатады. Көлік атаулының бәрі қалаға қарай ағылып жатқанда, жалғыз көліктің қорықпастан қарама-қарсы бағытта жүріп келе жатқанына таң қалған МАИ қызметкері алдымен әншіден жөн сұрапты.

- Уа, кім боласыз?

- Ойбай, мені танымайсыз ба? Мен пәленше деген әншімін ғой.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз...




Join Telegram