Арыстанның тілін тапқанда күйеуіңнің тілін таба алмайсың ба?...
Ертеде бір әйел күйеуін қатты жақсы көретін болыпты. Бірде ол күйеуін қызғанғаннан ауылының ғұламасына барып: "Күйеуіме тек өзімді жақсы көргізетін дәрі жасап беріңізші..."деп өтініш жасайды. Мұның мүмкін емес екенін білсе де, ғұлама оған: "Дәрі жасап берейін, ол үшін тірі еркек арыстанның мойнының жүнін кесіп алып кел" депті. Содан әйел де саспай әлгі арыстанның мойын жүнін әкелуге бел буып, аңшыларға барады. Келген мезетте оларға: "Арыстанға қалай жақындауға болады" деп айтып салады. Мырс ете қалған аңшылар әйелдің қайтпайтынын көріп: "Оның бір ғана жолы бар, оған ет беру керек" депті.