Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

Діни фанаттар қазақтың дәстүрін жоққа шығарғысы келеді

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ Діни фанаттар қазақтың дәстүрін жоққа шығарғысы келеді ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Қабдеш Жұмаділовтың "Толған айдың түні" дейтін ғажап әңгімесі бар. Сонда басты кейіпкері Баяхметтің аузына "Біз бұрын әмеңгерлікті де, қос қатын алғанды да "феодализмнің қалдығы" деп айыптап келдік қой. Бір халықтың мың жылдық салт-дәстүрін бұлай сызып тастауға бола ма? Халық дана ғой, қашанда. Қажетсіз нәрсені тұрмысқа енгізбейтін..." деген сөзді сап береді.

Осы сөзді менің де айтқым келеді. Қанша ғасырдан бері синтезделіп, тұрмысқа енген салт пен дәстүрдің кейбірін дін фанаттары "ширк" деп жоққа шығарғысы кел(е)ді. Бірақ, олай емес қой. Өткенде "ауызға түкірту" туралы да дау болды. Сол туралы жаңа «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлi жүйесi» атты энциклопедияны бір қарап шықтым. Сонда былай жазылады: "Аузына түкірту – байырғы контагиозды магиялық жосыннан туындаған қазақы ортада таралған рәсім. Беделді тұлғалардың жақсы қасиеттері жас балаға жұғысты болсын деген ырыммен жас баланың аузына түкірту жосынын жасайды. Оның мәні – жасы үлкен, ел сыйлаған, атағы шыққан, мінезі жайсаң елге танымал, ұлылардың жақсылығы жұқсын, сол адамға ұқсап беделді, танымал болсын дегені. Баланың аузына түкірту ырымын жасаған адам баланың ата-анасына ризалық білдіріп, батасын береді. Бұл рәсімді жасауды өтініш еткен жандар әлгі адамға кәде жасайды, сый-сияпат көрсетеді. Сондай- ақ, атақты адамның қонған төсегіне нәрестені аунатып алу үрдісін аузына түкірту ғұрпының бір түрі деп айтуға болады" деп келеді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

 




Join Telegram