Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

Нарынқолдың атын өшіру кімге тиімді?

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ Нарынқолдың атын өшіру кімге тиімді? ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

 Бердібек ағамыздың тойының ыстық-суығы басылмай жатып Нарынқолға қатысты тағы бір хабар жетті. "Алаш айнасы" аталған тойда бір топ зиялылардың Нарынқол атауын өзгерту туралы бастама көтергенін сүйінші сұрағандай етіп жазып жатыр.

Сол топырақта өскен мен үшін бұл жаңалық төбемнен жай түскендей болғанын жасырып қайтейін. Әлгілердің негізгі уәжі – Нарынқол қалмақтың сөзі екен. Айналайын ағаларым-ау, ауданнан бір айырылдық... Енді көңілге сәл де болса медеу болып жүрген Нарынқолдың атауының өзін өшіруге бел байлағандарың қайткендерің? Нарынқол бұл – Райымбек бабамның туын тіккен жері! Нарынқол бұл – Мұқағали! Сол өздерің мерейтойын тойлаған Бердібектiң әруағы кіндік қаны тамған жерінің атын өшіргендердi кешіре қоймас! Қалмақтың атауы ұнамаса – Қаскелеңді, Шамалғанды, Зайсанды, Мақаншыны және тағы қаншама жердің атын өшіру керек болады? Нарын – қалмақтың сөзі болса, ертең Нарын құмға ауыз салайық.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...




Join Telegram