Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

Немістермен күліп жүріп соғысуға тура келді...

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ Немістермен күліп жүріп соғысуға тура келді... ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

 Алматыда Ақмарал деген кластасым бар. Өзі ұл сияқты. Бойы мықырлау, шашын да қысқа қылып қиып тастайды.

Ол бәтшағар сөйлесіп тұрып «дыхалкадан» «зың» дегізеді, байқамасаң. Өзімізден де бар енді, жайымызға қарап тыныш жүрмей «Тайдың бір жеріндей» болып сен қайдан шыға келдің-ей?» деп қағытамыз келіп. Ауыздан «авария» болғаныңды күтіп тұрған Ақмаралға сол керек, жұдырығын ала жүгіреді, біз тұра қашамыз.

Ол практика кезінде жерге жатқызып қойған шкафтардың ішіне матрас төсеп алып, түске дейін ұйқыны соғатын. Ұйқысын әбден қандырып алған соң екі қолын екі қалтасына салып, үлкен бір жұмыс тындырғандай болып, асхананы бетке алып келе жататын еді. Құп-құрттай болғанымен тамақты жақсы ішетін, негізі. Ас-суын дұрыстап құйып бермеген кезекшілеріңнің 77 атасын түгендеп шығады. Бір күні интернаттағы «барлау қызметі» арқылы Ақмаралдың қайда ұйықтап жатқанын анықтап, үстінен ол шыға алмайтындай етіп 2-3 шкафты қойып, бастырып кеттік. Біз жұмыс істеп жатқанда ол ұйықтамасын деген ой ғой, әйтпесе, сондай көксоққан емеспіз. Сол күні Ақмарал түскі астан қағыла ма деп едік, жоқ, олай болмады. Жын ба, шайтан ба, қалай шыққанын құдай білсін, түс әлетінде асханаға келіп «қайсысың-ей істеп жүрген?» деп ішкен-жегенімізді желкемізден шығарды.




Join Telegram