Ондай еркектің барынан жоғы...
Бір мекемеде еден жуып жүрген қыздың ұялы телефонмен әңгімесін «тыңдауға» тура келді. Бір қолында телефоны, екінші қолында еден жуатын «таяғы» бар. Өзі жылап тұр. Жап-жас, сүп-сүйкімді.
«Мені осыншалықты унижать ететіндей мен саған не істедім?! Неге ол үйге барасың?! Неге ол үйдің табалдырығын аттайсың а?! Сен олай ақталмай-ақ қой... Мен таңғы 4-те звондағанда сенің телефоныңды көтеріп, маған нагло: «Он рядом со мной. Спит он! Больше не звони!» дейді. Сонда мен саған кіммін? Неге соншалық мені қор қылып жүрсің?! Біліп ал, маған бәрінен маңызды ол – отбасым. Ішімнен шыққан қызымды жалғыз тастамаймын, әкесіз де қалдырмаймын. Мен сені бұған дейін де екі рет кешіргенмін. Тағы да кешірем. Егер келесі сәрсенбі күнге дейін қайтып келмесең, мені, қызыңды қайтып көрмейсің. Ауылға билет алып қоямын, келмесең мен кетемін».