Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

Протез хикаясы немесе аутсорсинг туралы

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ Протез хикаясы немесе аутсорсинг туралы ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

  ...Тоқсаныншы жылдардың ортасы-ау деймін. Жаркенттегі Қалдархан бажам Алматыға лепіріп жетті. "Ауылда керемет! Бәрі өз қолымызға тиіп жатыр. Кітапхананы Күлекең алды. Клубты Сәкең алды. Бізге де бірдеңесі бұйырды. Аздаған жер мен "Беларустың" екі доңғалағын алып қалдым... Өзім би, өзім қожа..." "Е-е-е, дұрыс екен. Енді не істейсің?" демейміз бе? "Содан екі доңғалақты сатып... Оның үстіне мына тісі құрғырда түсіп қалып..." Енді аңғардым. Алдыңғы екі күрек тістің орны үңірейіп тұр. Бажам екі-үш күн аунап қунап, аузына алынбалы-салынбалы «протезін» салдырып, ауылға қайтты. Бір-екі жылдан соң ауылды тастап, қаланың маңына көшіп келді. "Пайымыздан" пайда болмады. Бір кездері дүрілдеген, өзім жиырма жыл трәктыр айдаған Головацкийдің ауылынан, байлығынан қалғаны мынау ғана" деп аузын ашып "протезін" көрсетіп қояды. Той-томалақтарда "жүздетіп" алғанда әлгі құрғыр "протез" түсіп қалады. "Пайым" қайда!" деп бажам баж еткенде тісі жоқ аузы үрей шақыратын үңгірге айналып кететіні бар. Әйтеуір жоғалған "протезді" жұрт жабыла іздеп тауып береді. 

 ...Жақында бір жас жорналшымен кездесіп қалдым. Амандық-саулықтан соң жөн сұраспаймыз ба? "Аға, қазір телевидениеге "аутсорсинг" деген келді. Бағдарламалардың бәрін таратып жатыр. "Өзің би, өзің қожа". Қолыңыздан іс келеді. Алып қалмайсыз ба?" дегені. Кездескендердің барлығының айтатыны осы әңгіме. Әншейінде "бес өлшеп алып, бір кесетіндердің" өзі "аутсорсингке барыңдар!" деп үгіт айтып, "шолақ белсенді" болып жүр. ...Кетсем бе екен?.. Бірақ... Ана бажа құрғырдың үңірейген аузы мен қорқынышты "протезі" есіме түсіп кете береді... Балабақшалар мен мәдениет ошақтарын да мемлекет жекеден алып, қайтарып жатыр ғой...Бәлкім, әлгі аутсорсингтері де соның кебін киіп қалар? Күте тұрайын...
 



Join Telegram