"Шегебай осы үйде тұра ма?"
Үйде отырғабыз. Сыртқы есік ашылды. «Сәлеметсіздер ме?» деген биязы дауыс естілді. Әйелдің даусы. Егер даусына қарап адам тануға болатын болса, мынауың өңді келіншек.
Сәлемін алып үлгертпестен: «Шегебай осы үйде тұра ма?» деді. Менің есім шығып кетті... Есің шықпағанда ше, үйіңе әкеңді әйел іздеп келіп тұрса... Және "Шегебай осында тұра ма?" деп өктем сөйлесе... Папамның не ойлағанын кім білсін, менікі ғарыштық жылдамдықпен кетті. Ой жылдам деген рас, ә. Арғы бөлмеден Бану шығып келді: «Ия, осы үйде тұрады. Кіріңіз, мына бөлмеде», - деді. «Кеше «скорый» шақырыпсыздар ғой, бүгін баланың жағдайын білуге келдім», - дегенде барып «ух» дедім. Айбаршынды қарауға келген 6-участоктың кезекші дәрігері екен. Бұлар сөйтеді... Емделушіні фамилиясымен айтады. Айбаршын дей салса нелері кетер еді, адамның есін шығармай.