Air Algerie 112 жолаушысы бар ұшағымен байланысты жоғалтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Air Algerie 112 жолаушысы бар ұшағымен байланысты жоғалтты ©Wikipedia.org

Air Algerie әуе компаниясы өзінің 112 жолаушысы бар бір ұшағымен байланысты үзіп алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды AFP. Жолаушылар ұшағы Буркина-Фасодан шыққан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Air Algerie әуе компаниясы өзінің 112 жолаушысы бар бір ұшағымен байланысты үзіп алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды AFP. Жолаушылар ұшағы Буркина-Фасодан шыққан.

"Әуе навигациясы қызметтері Air Algerie компаниясының Уагадугуден Алжирге бет алған ұшағымен байланысты жоғалтып алды", - деп хабарлады әуе компаниясының өкілдері. Байланыс ұшақ әуеге көтерілгеннен 50 минуттан соң үзілген. РИА Новости Algerie1 жаңалықтар порталына сілтеме жасап, A320 лайнерімен байланыс үзілгенін хабарлады. Ұшақтың бортында, кем дегенде, 112 жолаушы болған. Бейресми мәлімет бойынша, жолаушылардың төртеуі ғана - Алжир азаматы.

Ал AFP-ның мәліметінше, жоғалып кеткен ұшақ - AH5017. Моделі - McDonnell Douglas DC-9, ол 135 адамға дейін тасымалдай алады. Жолаушылар ұшағы португалиялық фирмадан жалға алыныпты.

Соңғы кездері жолаушылар ұшағы апаттарының жиілеп кеткенін айту керек. 23 шілде күні Тайваньда TransAsia Airways компаниясының бортында 58 адамы бар ұшағы апатқа ұшыраған еді. Соңғы мәліметтер бойынша, құрбан болғандардың саны - 48 адам.

17 шілде күні Украинада Malaysia Airlines компаниясының Амстердамнан Куала-Лумпурге бағыт алған жолаушылар ұшағы құлап түсті. Борттағы 280 жолаушы мен экипаждың 15 мүшесі түгел қаза болды. Киев билігі ұшақты елде көтеріліс жасап жатқан халық жасақтары атып түсірді деп мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети