БҰҰ қаржыландыратын жасақ әскерилері Сомали әйелдерін зорлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҰҰ қаржыландыратын жасақ әскерилері Сомали әйелдерін зорлаған ©Tengrinews.kz мұрағаты

БҰҰ қаржыландыратын Африка одағы қарулы күштерінің сарбаздары Сомали әйелдерін зорлаған, - деп хабарлайды AFP Human Rights Watch баяндамасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҰҰ қаржыландыратын Африка одағы қарулы күштерінің сарбаздары Сомали әйелдерін зорлаған, - деп хабарлайды AFP Human Rights Watch баяндамасына сілтеме жасап.

Әскерилердің әрекетінен Сомали астанасы Могадишодағы лагерьлерде тұратын қыз-келіншектер жапа шеккен. Олар 2011 жылғы ашаршылықтан кейін ауылдарынан безіп кеткен болатын. "Зорланған әйелдердің кейбірі жыныстық қатынастан соң жауынгерлердің ақша мен тамақ бергенін айтты", - делінген баяндамада. Құқыққорғаушылар жауынгерлердің азық-түлік қорындағы өнімдерді жыныстық қатынасқа айырбастағанын нақтылайды. Зорлық-зомбылықты, негізінен, Уганда мен Бурунди сарбаздары жасады деп айыпталып отыр. Әскерилердің заңсыздыққа баруына арадағы жергілікті делдалдар да ықпал еткен. 

Айыптау 21 қыз-келіншектің куәлік етуі негізінде жасалды. Ең кішкентай жәбірленушінің жасы - 12-де. Ол өзін угандалық жауынгердің зорлағанын айтты. Басқа жәбірленушілердің айтуынша, олар Африка одағы лагеріне науқас балаларына дәрі-дәрмек сұрап келген. Әскерилер сол кезде зорлық-зомбылық жасаған. Дегенмен әйелдердің тек екеуі ғана ресми түрде шағымданып отыр. Айта кетейік, БҰҰ қаржыландыратын бітімгершілік күштері Могадишоны исламистерден қорғайды. БҰҰ-дан бөлек, жасақтарды Еуропа одағы, Ұлыбритания мен АҚШ та қаржыландырады.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети