08 маусым 2014 | 11:15

Донецкіде украин әскери бекіністеріне шабуыл жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотосурет tsn.ua Фотосурет tsn.ua

Өзін-өзі жария еткен Донецк халықтық республикасының (ДНР) билік өкілдері халық жасақтарының Красный Лиман қаласының кіреберісінде украин әскері блоктұрақтарына шабуыл жасағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. 


Иконка комментария блок соц сети

Өзін-өзі жария еткен Донецк халықтық республикасының (ДНР) билік өкілдері халық жасақтарының Красный Лиман қаласының кіреберісінде украин әскері блоктұрақтарына шабуыл жасағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. 

Бұған дейін Красный Лиман қаласын күш құрылымдары алып, халық жасақтарынан азат еткені хабарланған болатын. Украина күш құрылымдарының өкілдері қалада толық бақылау орнағанын мәлімдеген еді. "Красный Лиманда халық жасақтары қалаға кіреберістегі бекіністерге шабуыл жасады. Қаланың өзінде де автоматтың атылған дыбысы естіліп жатыр", - делінген Донецк халықтық республикасының Twitter-дегі шағын блогында.

Еске салайық, Украина Ішкі істер министрі Арсен Аваков Красный Лиман түгел азат етілгеннен кейін онда әлеуметтік қызметтер мен басқа да ұйымдардың жұмысы қалпына келтірілетінін айтқан еді. Аваковтың кеңесшісі Антон Геращенко арнайы операция барысында қалада 60-тан астам украин жауынгерінің қаза тапқанын хабарлады. ДХР өкілдері болса, әскерилердің аурухананы әуеден атқылауының салдарынан 25 тұрғын қаза тапты деп отыр. Красный Лиман - Славянскіден 20 шақырымдағы аудан орталығы. Халқының саны - 23 мың адам.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети