Грузия президенті үйленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузия президенті үйленді Мака Чичуа мен Георгий Маргвелашвили. ©lollipop.ge

Грузия президенті Георгий Маргвелашвили үйленді. Trend.az порталының хабарлауынша, саясаткер өзінің азаматтық некедегі әйелі Мака Чичуамен ресми некеге тұрды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузия президенті Георгий Маргвелашвили үйленді. Trend.az порталының хабарлауынша, саясаткер өзінің азаматтық некедегі әйелі Мака Чичуамен ресми некеге тұрды.

Үйлену тойы туралы журналистерге елдің су жаңа бірінші ханымы айтып берді. Чиуаның айтуынша, некелесу салтанаты Грузия президенті тұратын Душети қаласында өтті. Үйлену тойына қатысты мәліметтер жария етілген жоқ.

Грузияның 45 жастағы басшысы 49 жастағы Чичуамен бірнеше жыл бойы азаматтық некеде болған. Бұл екеуін олардың балалары таныстырыпты. "Грузия сегодня" порталының хабарлауынша, Мака Чичуа телевизия саласында жұмыс істеген, грузин көркем фильмдеріне, бейнебаяндарға түскен, бейнелеу өнерімен айналысқан. Кейбір мәліметтер бойынша ол суретші әрі визажист, оны ақылына көркі сай келіншек деседі.

Айта кетейік, бұл - Маргвелашвилидің алғашқы заңды некесі. Бұған дейін ресми түрде некеде тұрмағанымен оның бір қызы бар. 21 жастағы Анна Мәскеуде оқиды. Еске салайық, Георгий Маргвелашвили 2013 жылдың 27 қазанында Грузиядағы президент сайлауында жеңіске жеткен болатын. 17 қарашада ол президент қызметіне кірісті. Оған дейін елді Михаил Саакашвили басқарған еді. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети