Грузия президенті Георгий Маргвелашвили үйленді. Trend.az порталының хабарлауынша, саясаткер өзінің азаматтық некедегі әйелі Мака Чичуамен ресми некеге тұрды.
Грузия президенті Георгий Маргвелашвили үйленді. Trend.az порталының хабарлауынша, саясаткер өзінің азаматтық некедегі әйелі Мака Чичуамен ресми некеге тұрды.
Үйлену тойы туралы журналистерге елдің су жаңа бірінші ханымы айтып берді. Чиуаның айтуынша, некелесу салтанаты Грузия президенті тұратын Душети қаласында өтті. Үйлену тойына қатысты мәліметтер жария етілген жоқ.
Грузияның 45 жастағы басшысы 49 жастағы Чичуамен бірнеше жыл бойы азаматтық некеде болған. Бұл екеуін олардың балалары таныстырыпты. "Грузия сегодня" порталының хабарлауынша, Мака Чичуа телевизия саласында жұмыс істеген, грузин көркем фильмдеріне, бейнебаяндарға түскен, бейнелеу өнерімен айналысқан. Кейбір мәліметтер бойынша ол суретші әрі визажист, оны ақылына көркі сай келіншек деседі.
Айта кетейік, бұл - Маргвелашвилидің алғашқы заңды некесі. Бұған дейін ресми түрде некеде тұрмағанымен оның бір қызы бар. 21 жастағы Анна Мәскеуде оқиды. Еске салайық, Георгий Маргвелашвили 2013 жылдың 27 қазанында Грузиядағы президент сайлауында жеңіске жеткен болатын. 17 қарашада ол президент қызметіне кірісті. Оған дейін елді Михаил Саакашвили басқарған еді.