12 тамыз 2014 18:15

Иісшіл қазақты қайдан табамыз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

www.segodnya.ua www.segodnya.ua

Бүгінде елімізде түрлі өндіріс орындары артып келеді. Оның ішінде әсіресе ішімдік өндіретін, кондитерлік өнімдер, темекі өндіретін өндіріс орындары көп. Осы кәсіпорындарға ауадай қажет аса сұранысқа ие мамандық бар. Ол дегустаторлар. Яғни қазақы тілімізге салсақ, «дәм айырушы» болып шығады. Ішетін шәйіңіз бен кофеңіздің, анда-санда ұрттап қоятын ішімдік атаулы, иісі аңқыған парфюмерлік өнімдеріңіздің жоғары сапалы болып шығуына ең алдымен осы мамандар ат салысады. Өндіріс орындарында өнімнің дәмін татып, қай қоспаның артық кем екенін анықтап, бір ізге салатын да, жоғары сұрыпты болып шығуына мұрындық болатын да осылар.

Бүгінде осындай сирек кәсіптің тұтқасын ұстағандар өте аз. Тіпті жоқтың қасы деуге де болады. Оның ішінде де тәжірибелінің тәжірибелісін табу да оңай емес. Оның өзінде олардың көбісі зейнет жасына жақындағандар. Кезінде арақ зауыттарында, фабрикаларда жұмыс істегендер. Жастардың арасында бұл кәсіпті нәсіп етейін деп ниет танытқандар байқалмайды. Біле білгенге бүгінгі таңда ең сұранысы жоғары әрі бәсекелесі жоқ мамандық осы дегустатор болып табылады. Оған туа бітті дәмді айыра білетін қасиет керек. Ерекше дәм сезу қасиеті көп адамдарда кездесе бермейді Бұл мамандықты игеру үшін Грузия субтропикалық шаруашылық институты, Киев ұлттық сауда-экономикалық университеті, Мәскеу титесторлардың біліктілігін арттыру курстары жұмыс істейді. Ең мықты дегустаторларды дайындап шығаратын оқу орны Индияда. Ал біздің елімізде осы мамандыққа даярлайтын оқу орны мүлде жоқ. Бүгінде белгілі компанияларда қызмет атқарып жүргендердің басым бөлігі Ресейде білім алғандар. Көптеген компаниялар дегустаторларды өздері оқытып дайындайды. Дәм айырушылардың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен шәй өндірісінде істейтіндерді титесторлар, кофеде кап-тестер, темекі өндірісінде фумелье, дәм технологы, сомелье болып бөлінеді. Олардың алар айлығы да аз емес. Орташа жалақысы 1 500–2 000 АҚШ доллары, ал аукционды сауда үйлерінде тіпті 7 000 АҚШ долларына дейін төлейді. Жоғары жалақылы мамандықтың пайдасы мен зияны да жоқ емес.

Пайдасы: жоғары жалақылы жұмыс. Қай өндіріс орнының болмасын болашағы дегустаторларға байланысты. Тіпті тәуелді десе де болады. Тәжірибелі дегустаторлар қолдан қолға тимейді, сұранысқа аса ие мамандық, олар еңбек рыногында бәсекелестері жоқ бірден бір мамандық болып табылады... Қазақтың қара баласы да осы еңбек майданында төбе көрсетсе дейміз.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети