15 маусым 2014 | 16:34

Қазақша білмейтін министрдің ертеңі не болмақ?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке риза болдық. Шыны керек, жағымпаздық пен жампоздықтан аулақпыз. Дегенмен, оның Астанадағы тау-кен металлургия конгрессінде өзінің құттықтау сөзін таза қазақ тілінде оқып бергенін ерекше атап өткіміз келеді. Үкімет басшысының бұл әрекеті тілге шорқақ басқа министрлерге үлгі болса қанеки... "Алаш айнасын" осы мәселе толғандырады.


Иконка комментария блок соц сети

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке риза болдық. Шыны керек, жағымпаздық пен жампоздықтан аулақпыз. Дегенмен, оның Астанадағы тау-кен металлургия конгрессінде өзінің құттықтау сөзін таза қазақ тілінде оқып бергенін ерекше атап өткіміз келеді. Үкімет басшысының бұл әрекеті тілге шорқақ басқа министрлерге үлгі болса қанеки... "Алаш айнасын" осы мәселе толғандырады.

Әрине, қазір кейбір министрлердің қазақ тілінде сөйлеуге тырысып жатқаны байқалады. Олар сұрақ-жауап кезінде барын салып, тұщымды ақпарат беруге талпынады. Алайда солардың ішінде мемлекеттік тілге атүсті қарайтындар да аз емес. Ауызекі тілде сөйлегеннен бұрын жазылған нәрсені оқи алмай жатады. Ал дауыстарында тілге деген құрмет ешбір сезілмейді. Ондайда не күлеріңді, не жыларыңды білмейсін.

Алысқа бармай-ақ қояйық, «24 KZ» телеарнасы тікелей эфир арқылы күн сайын баспасөз мәслихаттары көрсетіліп отырады. Міне, содан біздегі басшылардың мемлекеттік тіл тұрғысынан қаншалықты сауатты екенін анық байқауға болады. Мәселен, жақында өткен баспасөз мәслихаттарының бірінде бір «көкеміз» өз баяндамасының қазақ тіліндегі үш минуттық кіріспесін де дұрыс оқи алмады. Сол кезде біз ондаған қателерді санамалап шықтық. Атап айтқанда, "сулы" деген сөзді "сұлу", "бағдарламаны" - "бағрлама", "әкімдіктерді" - "әкімдігдер", "жаңғыртуды" - "жаңғарту", "көрсетілетінді" - "көрсілетін", "кешенді" - "көшен", "өңдеуді" - "еңдеу", "қағидатты" - "қағиғат", "мерзімді" - "мірзім" деп ежіктеп оқып, баяндамадан мән де мазмұн да кетіргені есте. Соның салдарынан оның қазақ тілінде жасаған кіріспе сөзі жартылай түсініксіз болып қалды. Сонда мемлекеттік қызметте жүрген осы азаматтар өздерін тікелей эфир арқылы бүкіл қазақ халқының көріп отырғанын білмей ме? Жоқ, әлде, түсінбей ме?

 

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети