ІІМ өкілдері Алматыдағы аудандық ІІБ-ге және ҰҚКД ғимаратына шабуыл жасады делінген екінші күдіктінің ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ІІМ өкілдері Алматыдағы аудандық ІІБ-ге және ҰҚКД ғимаратына шабуыл жасады делінген екінші күдіктінің ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ішкі істер органдарының қызметкерлері Алматыдағы аудандық ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасамақшы болған қылмыскердің қасындағы адамды ұстады. Оның бұл іске қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасалды, қазіргі уақытта Алматыда "Жедел ұстау" арнайы жоспары жарияланды. Осы орайда полицейлер тұрғындарға үйлерінен шықпауды өтінген. Қаладағы барлық қару-жарақ сататын дүкендер жабылған. Үш полиция қызметкері және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды", - делінген Алматы ІІД таратқан ақпаратта. Жансақтау бөлімінде 8 полицей жатыр. Алматыда террорлық қауіптің "қызыл деңгейі" жарияланған.
Алматыда болған оқиғаға байланысты әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы көптеген қауесет таралып жатыр. Мысалы "Жұлдыз" ықшамауданында және Қапшағайдағы әскери бөлімге шабуыл жасалды деген ақпараттар расталмады.