Украинаның қауіпсіздік қызметі (УҚК) тұтқынға түскен ресейлік десантшыларға қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлады Украинаның тәуелсіз ақпараттық агенттігі тергеу басқармасының бастығы Василий Вовкқа сілтеме жасап. Шекараны бұзған ресейлік десантшылар тамыздың 25-і күні қолға түскен болатын.
Украинаның қауіпсіздік қызметі (УҚК) тұтқынға түскен ресейлік десантшыларға қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлады Украинаның тәуелсіз ақпараттық агенттігі тергеу басқармасының бастығы Василий Вовкқа сілтеме жасап. Шекараны бұзған ресейлік десантшылар тамыздың 25-і күні қолға түскен болатын.
Вовктың сөзіне қарағанда, ресейлік десантшылар қылмыстық кодекстің 258-3 бабы бойынша "террористік ұйымға қатысқаны" үшін айыпталып отыр. Сондай-ақ олар қару-жарақ пен жарылғыш заттарды заңсыз пайдаланғаны үшін жауап бермек. Тергеу басқармасы бастығының айтуынша, мемлекеттік шекара арқылы адамдарды өткізу оқиғасы да қылмыстық істі бастауға негіз болуы әбден мүмкін. Оған ресейлік десантшылардың командирлері жауапты болмақ.
Айта кетейік, Украин әскерлері Донецк облысының Амвросиев ауданындағы Зеркальное елді мекенінің маңында Ресей Қарулы күштері Әуе-десант әскері 98-ші Свирь дивизиясының 331-полкы құрамындағы он әскери қызметшіні тұтқынға алған болатын. Олар 23 тамызда десантшылар батальонының Ресейдің Ростов облысының теміржол көлігімен көшірілгенін және 24 тамыз күні сағат 03.00-де бөлімшенің дабыл бойынша тұрғызылып, десанттың әскери машиналарымен колонна құрамында марш жасауға бұйрық алғанын мойындады.
Украина қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, 24 тамызға қараған түні Ресей әскерилері шекараны кесіп өтіп, Иловайскіге қарай жүрген. "Оқ өткізбейтін екі машина топтан қалып қойған, олардың бірі жойылды. Взвод командирі - аға лейтенат Михаил Миленко оқиға орнынан қарамағындағыларды тастап, қашып кетті, қалған әскерилер өз тобына қосылуға тырысқанымен, қоршауда қалып қойып, Антитеррорлық операция (АТО) күштеріне ұрыссыз берілді. Іс жүргізу үшін ұсталғандар АТО күштері штабына жеткізілді", - деп хабарлайды Украина қорғаныс министрлігі.
Сол күні Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі Украинада қолға түскен ресейлік әскерилер шекараны кездейсоқ кесіп өтті деп мәлімдеді.