Украина Конституциясына бірқатар өзгеріс енгізілмекші, онда билікті орталықсыздандыру туралы пункт пайда болады, - деп хабарлайды РИА Новости. Петр Порошенко осындай жобаны осы аптада Жоғарғы Рада талқысына ұсынбақшы.
Украина Конституциясына бірқатар өзгеріс енгізілмекші, онда билікті орталықсыздандыру туралы пункт пайда болады, - деп хабарлайды РИА Новости. Петр Порошенко осындай жобаны осы аптада Жоғарғы Рада талқысына ұсынбақшы.
"Бұл жоба конституцияға өзгеріс енгізуде бейбіт жоспар элементін - билікті орталықсыздандыруды қарастырады" - деп мәлімдеді Порошенко Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі отырысы барысында. Күн тәртібіне қойылған мәселе - Донецк пен Луганск облыстарындағы жағдайды реттеу. Осы реттегі ұсыныстың бірі Украина Конституциясына өзгеріс енгізу болған. "Бүгін осында қабылданған шешімнің тәртібі мен кестесіне қарай оқ ату доғарылып, президенттің бейбіт жоспарын жүзеге асыру басталады" - деді Порошенко Кеңес отырысын ашық деп жариялаудағы кіріспе сөзінде.
Мемлекет басшысы украин билігі Донецк пен Луганск облыстары тұрғындары қауіпсіздігіне кепілдік беруге және қарусыздану процесіне ат салысуға мүдделі деп атап өтті. Ол Украина Конституциясына өзгеріс енгізіле салысымен, ауыр қылмыс жасамаған тұлғаларға амнистия жарияланатындығын да жоққа шығармады.
Еске сала кетелік, Петр Порошенко 2014 жылы 25 мамырдағы президенттік сайлауда жеңіске жетті. Украина Конституциясына өзгеріс енгізу туралы сайлауға дейін де сөз болған. Көптеген сарапшы мен саясаткерлер жекелей өңірлерге құзыр беріп, бүгінгі тығырықтан шығудың жалғыз жолы билікті орталықсыздандыру екенін айтқан.