Украина президенті Петр Порошенко елдің қорғаныс министрі Валерий Гелетейді отставкаға жіберді. Бұл туралы жексенбі күні кешке украин президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Украина президенті Петр Порошенко елдің қорғаныс министрі Валерий Гелетейді отставкаға жіберді. Бұл туралы жексенбі күні кешке украин президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Украина президенті Петр Порошенко қорғаныс министрі Валерий Гелетейдің отставкаға кететіндігі туралы жазған рапортын қолдап қол қойды. Президент әскери ведомство басшылығын ауыстыратын уақыт келгенін айтты", - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, дүйсенбі күні, 13 қазанда Украина президенті жаңа қорғаныс министрін таныстырады. Сонымен бірге, Порошенко 14 қазан күні Жоғарғы Рада жаңа кандидатураны қолдайтынына үміттенетінін жеткізді. "Жаңа министрдің кандидатурасына дауыс беруде уақыт созбайтынымызға күмәнім жоқ. Дәл сейсенбі күні болады деп сенемін", - деді ол.
Порошенконың айтуынша, Гелетейдің отставкасы мен басқа да кадрлық өзгерістер, нақты айтқанда, Мемлекеттік шекара қызметі басшылығының босатылып, Барлау бойынша Комитеттің құрылуы және оның төрағасы болып Игорь Смешконың тағайындалуы "күш құрылымдарын күшейтеді және Украинаның қорғаныс қабілетін бекітеді".
Бұған дейін, 6 қазанда Петр Порошенко Мемлекеттік шекара қызметі басшысы Николай Литвинді және оның бірінші орынбасары Павл Шишолинді қызметтен босатқан еді.
Валерий Гелетей қорғаныс министрі лауазымына осы жылдың 3 шілдесінде тағайындалған. Әскери ведомствоны басқарған кезінде Ресейдің де, Украинаның да сынына ұшырамады. Украина Ішкі істер министрі Арсен Аваковтың кеңесшісі Антон Геращенко Гелетейдің қызметі мен Ресейдің ядролық қару қолдану туралы мәлімдемесі украин армиясын бүкіл әлемге мазақ қылды деді.
Порошенко жексенбі күні Донбастағы шиеленісті жақын уақытта толық тоқтатуға қол жеткізетініне сенетінін мәлімдеді. "Бұл жағдай болған соң, буферлік аймақ құру басталады. Екі тарап та ауыр қару-жарақтарды кем дегенде бақылаудағы аймақ түкпіріне 15 шақырым жерге әкетуі тиіс", - делінген Украина президентінің сайтта жарияланған үндеуінде.
Порошенконың айтуынша, украин билігі қазір елдің шығысындағы арнайы операцияларға жұмылған әскердің қыс мерзіміне дайындық жасауына қадала көңіл аударып отыр. "Әскеріміздің орналасқан жерінен кейін қайтуы туралы сөздің болуы да мүмкін емес", - деп мәлімдеді ол.
Украина президенті тұтқыннан мың жарымға жуық украин әскерінің босатылғанын да қосып айтты: "Қазірдің өзінде лаңкестердің тұтқынында болған мың жарымға жуық адамымызды босатып ала алдық".