Көкбұлақта мәдениет үйін жаңғырту жұмысы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкбұлақта мәдениет үйін жаңғырту жұмысы басталды

Шымкент қаласында мәдениет мекемелерін қайта жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Абай ауданындағы Көкбұлақ елді мекені тұрғындары мәдениет үйінің тозығы жеткенін, оны қайта жаңғырту мәселесін көтерген болатын. Қала әкімі аудан тұрғындарымен кездесуде мәдениет нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі бойынша зерделеуді тапсырған еді.

1988 жылы салынған ғимарат 2012 жылы ағымдағы жөндеуден өткен. Жалпы алаңы – 212,1 шаршы метр. 2017 жылы "Оңтүстік Аймақ Сараптама" ЖШС сараптамасының қорытындысымен ғимарат жарамсыз деп танылған.
Таяуда тозығы жеткен ғимаратты бұзып және қайта салу үшін ЖСҚ дайындауға қаржы қаралды. Мердігер "Диас-проект" ЖШС ЖСҚ құжаттарын әзірлеуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылға жоспарланып отыр. Жалпы шаһарда әлеуметтік нысандарды қайта жаңғырту, қайта құру жұмыстары кезең-кезең бойынша атқарылуда.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети