Шымкентте Юнус Эмренің ескерткіші ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 

Бүгін Шымкент қаласында түрік жұртына танымал ақын-жазушы Юнус Эмренің ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавошуглу, Түркия Республикасының Шымкент қаласындағы Құрметті Консулдығының құрметті Консулы Латипша Асанов және қала тұрғындары қатысты.
Құрметті қонақтар түріктің ойшыл ақынының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Шаһар басшысы жазушы Юнус Эмренің шығармалары мен өмір жолына тоқталып өтті.
– Ю.Эмре – бізге Қожа Ахмет Яссауидың сопылық ілімін жалғастырушы ретінде белгілі автор. Оның шығармалары сүйіспеншілік пен мейірімділікке негізделген. Түркі жұртына танымал "Көк түрік" деп рух берген Мағжан Жұмабаевтың шығармалары да Юнус Эмре есімімен тығыз байланысты, – деді М.Әйтенов.
Қала әкімі түбі бір түркі жұртының тарихы мен мәдениетінің және рухани байланыстарына негізделген қазақ-түрік достығының дәлелі ретінде Шымкент қаласының Измир, Ескишехир, Адана қалаларымен достық байланыс орнатқанын да тілге тиек етті. Түркия елімен стратегиялық жоспарлардың, сауда-экономикалық қарым-қатынас пен бірлескен жобалардың жаңа белеске көтерілетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ, Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі М.Чавошуглу сапары аясында Түркия Республикасының Шымкенттегі Құрметті консулдығының жұмысымен танысты. Түркия Сыртқы істер министрінің сапары аясында қала әкімінің қатысуымен шаһардың бизнес өкілдерімен кездесу жоспарланған.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro