Бекзат күрес - Шымкент кілемінде 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бекзат күрес - Шымкент кілемінде 

Жеңіл атлетикалық манеж кешенінде қазақ күресінен жастар арасында Шымкент қаласы әкімінің кубогына арналған республикалық турнир өтіп жатыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіл атлетикалық манеж кешенінде қазақ күресінен жастар арасында Шымкент қаласы әкімінің кубогына арналған республикалық турнир өтіп жатыр.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сайыстың салтанатты ашылу рәсімінде құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық спортты дамытуда жүйелі жұмыстар қолға алынғанын атап өтті.

Қазақ күресін дамыту аясында республикалық турнир ұйымдастырылып отыр. Жалпы ұлттық спортты жаңғыртып, жастарға серпін беруді мақсат етіп отырмыз. Бұқаралық спортпен қатар, қазақ күресін де одан әрі дамыту жұмыстарына басымдық беріледі. Алғашқы турнир 200-ден астам спортшының басын қосты. Сайыста шын мықтылар жеңсін!- деді қала әкімі.

Ұлттық спорттың төресі — қазақ күресінен қала әкімінің жүлдесіне арналған сайыс тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

2002-2004 жылы туған жастар арасындағы бәсекеге еліміздің барлық аймағынан балуандар келген. 6 салмақ бойынша жарыстың алғашқы жеңімпаздары мен жүлдегерлері бүгін анықталады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети