Достық шағынауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

 

Бүгін Шымкент қаласы Достық шағын ауданында 300 орынға арналған жаңа мектеп ашылды. "Жан-Нұр" жалпы білім беретін мектебінің ашылуына Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов пен Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қатысты.

Мемлекет білім беру саласын дамытуға ерекше назар аударып отыр. Президент халыққа арнаған Жолдауында мектеп салу Үкімет пен әкімдіктердің басты міндеттерінің бірі екенін айтты. Осыған орай, Шымкент қаласында биыл 40-қа жуық мектеп салу жоспарланған. Бүгін сол білім ұяларының бірінің ашылу салтанатына келіп отырмыз. Достық шағынауданының тұрғындары мектеп мәселесін бірнеше жылдан бері айтып жүр еді. Міне, биыл жеке инвестордың есебінен бұл мәселе шешімін тапты. Мұнда оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған, – деді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева.

Айта кетейік, жаңа мектеп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейді. Яғни, бұл жекеменшік білім ұясы болғанына қарамастан, балалар тегін білім алады.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro