Ақтөбе облысында логистикалық хаб құрылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 

Астанада "Investment Aktobe-2022" VII Халықаралық инвестициялық форумы өтті.

Форумға 30-дан астам елдің дипломатиялық миссиялары, Үкімет мүшелері, ұлттық холдингтер мен компаниялардың, қаржы институттарының, трансұлттық корпорациялардың басшылары, ірі шетелдік және отандық бизнес өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. 

Форум аясында 2,7 трлн. теңгеге 8 меморандумға қол қойылды.

Форум барысында жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілген ірі жобалардың қатарында Ақтөбе халықаралық әуежайының базасында интермодальдық тасымалдау мүмкіндігі бар логистикалық хаб құру бар. Өзара түсіністік туралы меморандумға "Ә.Молдағұлова атындағы Халықаралық әуежай" АҚ Басқарма Төрағасы Дастан Малиев және "S Sistem Lojistik" Басқарма Төрағасы Хусейн Барлин қол қойды.   

"S Sistem Lojistik" - әуе компанияларына қызмет көрсететін алғашқы жеке қоймасы бар логистикалық сектордағы инновациялардың көшбасшысы. Бүгінде оның 100 000 шаршы метрден астам қоймасы бар, оның ішінде Түркиядағы төрт әуежай (Измир, Анкара, Анталья және Стамбул).

Компания өз қызметін Қазақстанда 2022 жылы бастады.

Логистикалық хаб құру жөніндегі жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде Ақтөбе әуежайында жүк терминалының құрылысы мен басқаруы жүргізіледі. Құрылыстың болжамды ауданы 10 мың м2 құрайды.

S Sistem әуежай аумағында жүк және контейнер терминалдарын салуды жоспарлап отыр және оларды жалғыз уәкілетті оператор ретінде басқарады.

Атап айтқанда, аумағы 500 мың м2 контейнерлік терминал ауданына жабық тарату орталығы, контейнерлерді күтуге арналған тұрақ, тауарлар мен жүктерді сақтауға және өңдеуге арналған қайта тиеу терминалы, әуежайдың жанындағы жер учаскесінде теміржол байланысы бар контейнерлерді ауыстырып тиеу және сақтау кіреді.

Инвестиция құны - 160 млн. АҚШ доллары.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro