Ақтөбе облысында қант зауыты салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 

Бүгін Астана қаласында өткен "Investment Aktobe-2022" VII Халықаралық инвестициялық форумы аясында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен Omtis Ortadoğu Makina компаниясының құрылтайшысы Ибрагим Гүлтекин қант зауытының құрылысы жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды.

Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нарықты отандық өніммен толықтыру жөніндегі тапсырмасы аясында Батыс Қазақстанда қант қызылшасынан түйіршіктелген ақ қант өндіру бойынша ірі жоба жүзеге асырылмақ.

Қант зауытының құрылысы - Қазақстан үшін басым бағыттардың бірі, өйткені, еліміздің, атап айтқанда, Ақтөбе облысының нарығы импортқа тәуелді.

Күрделі инженерлік жобаларды салуда үлкен тәжірибесі бар Omtis Ortadoğu Makina 550 миллион АҚШ долларын инвестициялауға дайын. Зауыттың қуаттылығы жылына 330 мың тоннаны құрайды. 180 жұмыс орны ашылады.

Айта кетейік, форумға 30-дан астам елдің дипломатиялық миссиялары, Үкімет мүшелері, ұлттық холдингтер мен компаниялардың, қаржы институттарының, трансұлттық корпорациялардың басшылары, шетелдік және отандық ірі бизнес өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Халықаралық шара өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстыру, қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілету, сондай-ақ Ақтөбе облысының экономикасына ішкі және шетелдік инвестициялардың ағынын одан әрі тарту мақсатында ұйымдастырылды.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro