Ақпараттық хабарлама

ПОДЕЛИТЬСЯ

 

"Елорда тынысы" ЖШС-нің  2023 жылдың 14 қаңтарына жоспарланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға "Жұлдыз FM" және "Ретро FM Qazaqstan" радиостанцияларында эфир уақытын берудің жалпы шарттары

"Елорда тынысы" ЖШС - "Жұлдыз FM" және "Ретро FM Qazaqstan" (бұдан әрі - Радио) радиостанцияларының иесі, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңға сәйкес, 2023 жылғы 14 қаңтардағы кезекті сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 4 Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды (бұдан әрі - Кандидат) Сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі - үгіт материалдары) орналастыру үшін радиоэфир уақытын берудің шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіті 2022 жылғы 24 желтоқсанда сағат 18:00-ден басталып, 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 00:00-ге дейін жалғасады, осылайша үгіт материалдарын эфирде орналастыру радиостанциялар көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.

Радио эфир уақытын Радионың меншік иесі мен Үміткер арасында немесе кандидаттың уәкілетті өкілімен жасалған жазбаша келісім негізінде және Радио бекіткен монтаж тізімдеріне  (медиа жоспарларына) сәйкес береді. Бұл ретте, монтаж тізімдері жазбаша өтініш берген кезде Радионың техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес, яғни, ұсынылған радиоуақыт аралығында жарнаманың болуы және/немесе болмауына байланысты үгіт-насихат материалдарын эфирге жоспарланған уақыттан 2 (екі) жұмыс күні бұрын әзірленеді.
 
Радиода эфир уақытын беру мемлекеттік және орыс тілдерінде ұзақтығы 60 (алпыс) секундтан аспайтын аудио роликтерді орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
 
Эфир уақытын беру туралы шарт жасасуға үміткердің немесе оның уәкілетті өкілінің Радио иесі басшысының атына жазбаша өтініші негіз болып табылады.

Үгіт материалдарын эфирге орналастырудың саны, мерзімі, болжамды күні мен уақыты кандидаттың немесе оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, олар кейіннен шартта белгіленеді.

Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезек тәртібімен, әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір мен өтініштің келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) Өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шарт жасасу үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Кандидаттардың үгіт материалдарын Радиода орналастыру тәртібі жазбаша өтініштерді қабылдау немесе өтініштер бір мезгілде түскен жағдайда жеребе бойынша қабылдау арқылы белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын Радио анықтайды.

Егер жазбаша өтініш түскен кезде сұралған уақыт бұрын өтініш берген басқа үміткерге берілсе немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты берілмесе, радио кандидатқа техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақытты ұсынады.

Үгіт материалдары радиоға жоспарланған эфирден 2 (екі) жұмыс күні бұрын алынбалы HD (хард диск), CD (компакт-дискі) немесе флэш-картада, mp3 немесе wav форматтарында берілуі керек.

Үгіт материалдарында олардың төлемі, қаржыландыру көздері, ақпаратты берген тұлғаның аты-жөні туралы дәйекті мәліметтер болуы тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне өздері жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіптер бұзылған жағдайда, сондай-ақ, тиісті келісімнің талаптары бұзылған жағдайда үгіт материалдары эфирге шығарылмайды немесе бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатылады.

Радио иесі үгіт материалдарында конституция құрылысын күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық өшпенділік, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа жол беру, заңда көзделмеген әскери құрылымдар құру, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттары үміткер басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтер болса, үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.  Үміткер Радио иесінің талабы бойынша жоғарыда сипатталған материалдарда қамтылған ақпаратты растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген эфир уақытын берудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Радиода үгіт материалдарын орналастырғаны үшін жасалған шарт бойынша ақы төлеу шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Радиолардың меншік иесі берген төлем шотының негізінде жүзеге асырылады.

Кандидаттардың үгіт материалдарын радиода  орналастыру үшін жазбаша өтініштерді Радиолардың меншік иесі тіркелген кандидаттардан 2022 жылғы 21 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 10 қаңтар қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Алматы қаласы, Карасай батыр көшесі, 88-үй (екінші қабат) мекенжайы бойынша қабылдайды. Өтініштер күн сайын, жұмыс күндері 10 сағат 00 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін қабылданады.

Факспен және Интернет байланысы арқылы жазбаша өтініштер қабылданбайды.

Барлық материалдар "Үгіт материалы" белгісімен сүйемелденеді.

 

"Елорда тынысы" ЖШС

Директоры

________________________ Г.Б. Талдыбаева

Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 512.52   544.72   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети