"Қала күні" мерекесіне орай "Көне Таразда" көңілді думан өтуде

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қала күні" мерекесіне орай "Көне Таразда" көңілді думан өтуде

Тараз – көне дәуірлердің естелігі, адамзат мәдениетінің биігінде айтарлықтай орны бар шаһар. Екі мың жылдан астам тарихы бар қаланың қасиеті мен өсиеті де қатар өрілген, домбыраның қос шегіндей салтанаты бөлек дүние. Ұлы даланың ұлағатты мәдениеті мен өнерінің негізі де осы жерден бастау алады.

Сондықтан болар, бүгінде "Қала күні" мерекесі жалпыхалықтық сипат алып, жұртшылық асыға күтетін мерекеге айналды. Биылғы Қала күнін де тараздықтар ерекше сән-салтанатымен қарсы алуда. Айталық, бүгін "Көне Тараз" кешенінде "Сүйікті қалам – Тараз" мерекелік кеш ұйымдастырылды. Шара барысында Amre, Тұрар Ыдырыс, Серік Ибрагимов , "Алатау серілері" және өзге де өнер жұлдыздары әсем әннен шашу шашып, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.

Мерекелік шараны Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков бастаған азаматтар тамашалады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети