Шу ауданында пайдалы қазбаларды өндіру үшін жер учаскесі заңсыз берілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шу ауданында пайдалы қазбаларды өндіру үшін жер учаскесі заңсыз берілген

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаменті басшысының бірінші орынбасары Д.Омаров баяндап өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаменті басшысының бірінші орынбасары Д.Омаров баяндап өтті.

Жер қойнауын пайдалану саласына жүргізілген мониторингпен ҚР Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, Шу ауданы әкімдігі құм-тас қоспасын өндіру үшін жер учаскесін заңсыз бергені анықталған. Яғни, Шу ауданының бұрынғы лауазымды тұлғалар тиісті функцияларының болмастығына қарамастан "Медео" ЖШС-не 18 жылға 1,69 га жер учаскесіне жер пайдалану құқығын заңсыз берген. Департаменттің араласуынан кейін Шу ауданы әкімдігі аталған жер учаскесі мемлекет иелігіне қайтарды.

Сондай-ақ, мониторинг барысында Жамбыл облысының 18 су нысаны бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату бойынша тиісті жобалар әзірленгені анықталды. Алайда, жергілікті атқарушы орган белгісіз себептермен бүгінгі күнге дейін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілемеген. Осылайша, Департамент жоғарыда аталған объект бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы ұсыныс енгізді. Қазіргі уақытта әкімдік тиісті жұмыстар жүргізуде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети