Антикор су бағасын төмендетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикор су бағасын төмендетті

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында жүргізілген мониторинг барысында, Меркі ауданының бұрыңғы басшылығы кәсіпкерге 12 ауылдық округін (10 мыңнан астам абонент) ауыз сумен қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын сенімгерлік басқаруға заңсыз бергені, сондай-ақ, оның су тарифі басқа аудандармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екені анықталған.

Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірініші орынбасары Д.Омаров мәлімдеді.

Департаменттің ұсынысынан кейін су шаруашылығы құрылыстары жаңадан ашылған «Алатау Су-жылу» КМК балансына қайтарылып, су тарифінің бағасы 40 және 22 теңгеге төмендетілді (бұрын заңды тұлға текше метр су үшін 190 теңге, қазір 150 теңге төлейді, жеке тұлғалар бір текше метр су үшін 104 теңге қазір 82 теңге). Қазіргі таңда, мүлікті қабылдау актісіне сәйкес жұмыс жасалуда.

Сонымен қатар, осыған дейін "Байзақ су" КМК басшылығының ауыз су есептегіштеріне пломба орнатқаны үшін 149 жеке тұлғадан және 8 бизнес субъектісінен ақы алу фактісі анықталған.

Департамент енгізген ұсынысынан кейін, ақы алу практикасы тоқтатылып, пломба орнатқаны үшін төленген ақша кәсіпкерлік субъектілеріне кері қайтарылды, сондай-ақ, ауыз су үшін тарифінің бағасы 5 және 3 теңгеге төмендетілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети