Шымкент: жылыту маусымының басталуына орай қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент: жылыту маусымының басталуына орай қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Шымкент қаласында ағымдағы жылы төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық әкімдіктердің бірлескен жұмысы аясында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, тұрғындар арасында алдын алу түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Қаламызда ағымдағы жылы газдан улану жағдайлары тіркелген жоқ.

2025 жылғы 28 тамызда қала әкімінің бірінші орынбасары А.Кәрімов "2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жоспарын" бекіткен болатын. Осы жоспар негізінде қала аумағындағы әлеуметтік осал топтағы 1 073 отбасы (Абай – 280, Әл-Фараби – 62, Еңбекші – 370, Қаратау – 129, Тұран – 232) есепке алынды. Бұл санатқа көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жалғызбасты зейнеткерлер кіреді.

Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында осал топтағы тұрғын үйлерге профилактикалық түсіндіру жұмыстары толық көлемде жүргізілді. Қайта аралау іс-шаралары да жалғасуда.

Нәтижесінде 901 үй иесі мамандарды қабылдаған, 109 үйге кіру мүмкін болмаған, ал 63 үйде тұрғындар болмаған. Жалпы 901 тұрғын үйде 5 895 адам қамтылып, өрт қауіпсіздігі мен улы газдан уланудың алдын алу бойынша кеңес берілді.

Сонымен қатар, тұрғын үйлерге 88 дана газоанализатор орнатылып, 40-тан астам үйдің түтін мұржалары тазартылды. Жалпы жылыту маусымы алдында қала бойынша 10 767 тұрғын үй араланып, 25 683 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында қала аумағындағы LED экрандарда қысқа метражды бейнероликтер көрсетілуде. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында 18 ашық сабақ өткізіліп, оқушылар мен студенттерге арналған танымдық бейнежазбалар көрсетілді.

Tengrinews
Шымкент ІСБ ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети