Шымкент: жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент: жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс бабымен қаланы аралау барысында жедел медициналық жәрдем қызметіне 30 жаңа санитарлық автокөліктің кілтін табыстады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс бабымен қаланы аралау барысында жедел медициналық жәрдем қызметіне 30 жаңа санитарлық автокөліктің кілтін табыстады.

Мегаполис басшысы медицина ұйымдары мен шұғыл қызметтердің материалдық-техникалық базасын жаңарту әкімдік жұмысының басым бағыттарының бірі екенін айтты. Жедел жәрдем автопаркін жаңарту – халыққа көрсетілетін шұғыл медициналық көмектің сапасы мен жеделдігін арттырудағы маңызды қадам.

"Біздің басты міндетіміз – қала тұрғындарын уақтылы әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Жедел жәрдем автопаркін жаңарту шақыртуларға жедел жетуге, бригадалардың көрсетілген мекенжайға жету уақытын азайтуға және медицина қызметкерлерінің жұмысына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді", – деп атап өтті Ғабит Сыздықбеков.

"Hyundai STARIA" маркалы жаңа санитарлық автокөліктер заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Көліктерде кардиографтар, дефибриллятор-мониторлар, өкпені жасанды желдету аппараттары, электрлі сорғыштар, оттегі баллондары, арнайы зембілдер және қорғаныш қалқандары бар.

Қала әкімі, сонымен қатар, денсаулық сақтау ұйымдарына "Аль-Фараби фарм Лтд" ЖШС демеушілігімен сатып алынған, медициналық жабдықтарға арналған сертификаттар табыстады. Тапсырылған жабдықтардың қатарында жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар, функционалдық және реанимациялық төсектер бар. Бұл жабдықтар нәрестелерді күтіп-бағу сапасын арттыруға және ауыр хәлдегі науқастарды тиімді емдеуге мүмкіндік береді.

Қала әкімі денсаулық сақтау саласын жаңарту және Шымкент тұрғындарына медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыс жалғаса беретінін атап өтті.

Айта кетейік, бүгінде қалалық жедел медициналық жәрдем қызметі 10 қосалқы станция базасында жұмыс істейді. Тәулік бойы тұрғындарға 115 бригада шұғыл көмек көрсетеді, оның ішінде 28 дәрігерлік және 87 фельдшерлік бригада бар.

Tengrinews
Шымкент ІСБ ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.02  course down  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети