06 мамыр 2014 | 10:45

1000 теңгелік купюра "2013 жылдың үздік банкноты" атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©nationalbank.kz ©nationalbank.kz

Халықаралық банкнот қоғамдастығының (IBNS) шешімімен Қазақстанның 1000 теңгелік купюрасы "2013 жылдың ең үздік банкноты" деп танылды. Бұл туралы мәлімет IBNS ресми сайтында жарияланған.


Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық банкнот қоғамдастығының (IBNS) шешімімен Қазақстанның 1000 теңгелік купюрасы "2013 жылдың ең үздік банкноты" деп танылды. Бұл туралы мәлімет IBNS ресми сайтында жарияланған.

2013 жылдың үздік банкноты аталымынан үміткерлер қатарына - 100 рубль (Ресей, Олимпиадалық естелік банкноты), бестік евро, бестік реал (Бразилия), 50 динар (Ливия), 10 мыңдық крон (Исландия), 100 доллар (АҚШ), 10 доллар (Канада), 100 доллар (Фиджи), 50 доллар (Барбадос), 50 доллар (Соломонов Аралы) кіріп, өзара сынға түскен.

Атап өтейік, мұндай жетістікке қазақстандық купюралар осымен үшінші жыл қатарынан жетіп отыр. Мәселен, 2011 жылы шілденің 4-і күні Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай шығарылған 10 мың теңгелік банкнотымыз ең үздік деп танылса, ал 2012 жылы мұндай құрметке басты бетіне "Қазақ елі" монументі мен ұшқан көгершін бейнеленген 5 мың теңгелік купюрамыз лайық деп танылған.

1000 теңгелік банкнот ҚР Ұлттық банктің айналымына 2013 жылы желтоқсанның 12-сі күні шығарылған болатын. Ол банкнот сары-қоңыр түске қанық боялған. Оның басты бетіне Күлтегін ескерткіші, "Қазақ елі" монументі мен ұшып бара жатқан көгершін бейнеленсе, ал екінші бетіне түркі жауынгерлері, түркі жазбаларының көшірмесі мен бұғының суреті салынған. Одан бөлек, банкноттың екінші бетіне мемлекеттік тудың бір бөлігі бейнеленген голографиялық сызық та, Ұлттық банктің логотипі мен "Ескерткіш теңге" деген де жазу бар. Ескерткіш банкноттың таралымы 10 миллион дананы құрайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети