Лондонда Натан Джон-Баптист есімді 15 жастағы мектеп оқушысы жылына 50 мың фунт (64 мың доллар) табыс әкелетін бизнес-империяны құрған, - деп жазады The Sun басылымы.
Лондонда Натан Джон-Баптист есімді 15 жастағы мектеп оқушысы жылына 50 мың фунт (64 мың доллар) табыс әкелетін бизнес-империяны құрған, - деп жазады The Sun басылымы.
Жасөспірім 12 жасында өз мектебінің дәретханасы маңынан тәттілерді сататын дүкен ашқан. 5 фунтқа сағыз кәмпиттер мен газдалған сусынды алған мектеп оқушысы үзіліс кезінде саудамен айналысқан. Сұраныстың жоғары болғаны сонша - ол тіпті Интернет арқылы тапсырыс қабылдай бастаған.
© News Group Newspapers Ltd
Басылымның мәліметінше, 15 жастағы мектеп оқушысына түрлі үш мектепте 11 сатушы жұмыс істейді. Олардың күнделікті табысы 230 фунт (300 доллар) екен.
Жасөспірім мұндай бизнеспен айналысуға бір миллионердің шабыт бергенін айтып отыр. Ер адам оған барынша еңбектенген жағдайда барлығына қол жеткізуге болатынын айтқан екен.
© News Group Newspapers Ltd
Бірақ қазіргі уақытта мектептегілер жас кәсіпкерге мектеп аумағында тәттілерді сатуға тыйым салған. Бірақ ол бұл кәсібімен басқа аумақтарда айналысып жатыр. Сондай-ақ, ол мұнымен қоймай демалыс күндері сабын сатады екен.