31 желтоқсан 2016 | 13:30

2006 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік банкноттардың жарамдылық мерзімі ұзарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2006 жылғы үлгідегі және 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңінің 2017 жылғы 1 наурызға дейін ұзартылғанын хабарлады. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2006 жылғы үлгідегі және 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңінің 2017 жылғы 1 наурызға дейін ұзартылғанын хабарлады. 

"Аталған күнге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер және банк операциялары үшін қандай да болмасын шектеусіз пайдаланылады. 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында олардың айналыста болуының аяқталу күнін күтпей айырбастауға болады", - делінген хабарламада.

Ал одан кейін 12 ай ішінде - 2017 жылғы 1 наурыз - 2018 жылғы 28 ақпан аралығында қоса алғанда - көрсетілген банкноттар кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталатыны айтылады.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банкінің барлық филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар айырбастау үшін 2021 жылғы 28 ақпанға дейін қабылданатыны, филиалдары бұл банкноттарды комиссия алмай айырбастайтыны, бұл ретте Ұлттық банк заңды төлем құралы болып табылатын номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкноттардың айналыста екендігін хабарлады. 


"Kүлтегін" түркі жазба ескерткішіне арналған ескерткіш банкнот 


Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуіне арналған ескерткіш банкнот 


Қазақстан Республикасының 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне арналған ескерткіш банкнот 

"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес
айналыстағы банкноттарды қабылдаудан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады", - деп ескертті банктің өкілдері.

Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Сұрақтар туындаған жағдайда Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7 (727) 2788 058, 2619-234, 2704-585 телефондары бойынша және Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасына +7 (727) 2704-569 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети