15 ақпан 2016 17:01

2015 жылы халыққа берілген кредит көлемі азайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

2015 жылы заңды тұлғаларға берілген кредиттің көлемі (5,2 пайыз) халыққа берілген кредит көлемінен асып түсті (3,7 пайыз). Мұндай мәліметтерді Ranking.kz сараптама қызметі ұсынды. Олардың мәліметінше, алдыңғы жылы керісінше болған: 2014 жылы заңды тұлғаларға берілген кредиттің көлемі 5,6 пайызға көбейсе, халыққа берілген кредит көлемі 10,7 пайызға көбейген. 

2015 жылдың қорытындысы бойынша, ҚР екінші деңгейлі банктерінің кредит портфелі 4,7 пайызға, яғни 12,67 триллионға дейін өскен. Мұнымен қатар, сарапшылардың мәліметінше, салалық статистика кәсіпорындарды несиелендіру көлемінің өскенін көрсетіп отыр. Өндірістік емес саладағы қарыз портфелі (оның ішінде халыққа берілетін кредит, жеке кәсіпкерлерге берілетін кредит, сервис компанияларына берілетін кредит) бір жыл ішінде 5,6 пайызға қысқарған, ал екінші деңгейлі банктердің жалпы кредит көлемінің үлесі 50,9 пайыздан 46,9 пайызға төмендеген.

Сонымен бірге, сарапшылардың айтуынша, тау-кен қазу өндірісін қаржыландыру көлемі 52,8 пайызға, байланыс секторы - 41,1 пайызға, көлік саласы - 40,2 пайызға, ауыл шаруашылығы - 35 пайызға өсіпті. Өндірісті өңдеу кәсіпорындарына, сонымен қатар, сауда саласына берілетін кредит 9,3 пайызға өскен.

2015 жылы елордада берілген кредиттердің көлемі 644,5 миллиард теңгеге өсіпті, бұл 40 пайызға өсуді білдіреді. Сарапшылардың пікірінше, Ақмола облысында кредит көп берілген - 15,6 пайыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети