2016 жылдың алғашқы тоқсанында теңге 2,8 пайызға әлсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2016 жылдың алғашқы тоқсанында теңге 2,8 пайызға әлсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2016 жылғы бірінші тоқсанда теңге нақты көрсетуде 2,8 пайызға әлсіреді (нақты тиімді айырбастау бағамы индексінің 34 елдің валюталарына қатысты өзгеруі), ал 2014 жылдың басы - 2016 жылғы наурыз аралығындағы кезеңде әлсіреу 27,6 пайызды құрады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 2016 жылғы бірінші тоқсанда теңгенің Ресей рубліне қатысты (салыстырмалы бағалардың өзгеруіне түзетілген) әлсіреуі 2,5 пайыз, ал 2014 жылдың басынан бастап теңгенің нақты әлсіреуі 4,4 пайыз болғаны хабарланды.