24 қараша 2022 | 10:02

"34,5 миллион теңгеге дейін": МКК қолма-қол ақшаны декларациялау талабын түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолма-қол ақшаны декларацияда көрсету талабын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолма-қол ақшаны декларацияда көрсету талабын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) квазимемлекеттік сектордың, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары тапсыруға тиіс.

"Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің 10 000 еселенген мөлшерінен аспайтын қолма-қол ақша көрсетілуі тиіс. Бұл ретте, заңнамада 10 000 АЕК-тен астам қолма-қол ақшаны сақтауға тыйым салынбаған. Осыған байланысты жеке тұлғалар ақшаны қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз нысанда сақтау мәселелерін, сондай-ақ олардың сомасын өздері шешуге құқылы", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Кеше Президенттің қол қоюына жіберілген бюджет туралы заң жобасына сәйкес, 2023 жылы АЕК 3450 теңге болады. Сондықтан 34,5 миллион теңгеге дейін қолма-қол ақша сақтауға мүмкіндік туады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная