Экономикалық белсенді халықтың 95 пайызында (8,4 миллион адам) тұрақты табыс бар, - деп хабарлайды Ranking.kz сараптама порталы. Сарапшылардың мәліметінше, жұмысшылардың басым бөлігі (6,2 миллион) жалдамалы жұмыста, ал өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың үлесі 26,3 пайызды құраған.

Олардың мәліметінше, Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облыстарында - 3 миллионнан аса экономикалық белсенді немесе экономиканың жалпы жұмыс күшінің шамамен 13 пайызы. 15 жастан асқандардың саны бойынша Солтүстік Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында тұрады.
Ал Алматы, ОҚО және Қарағанды облысында экономикалық белсенді емес халық (1,3 миллион адам немесе елдегі көрсеткіштің 15,2 пайызы) бойынша рэнкингте көш бастап тұр. "Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарында студенттер, зейнеткерлер, жұмыс күшіне енбейтін азаматтар аз (0,3 миллион адам немесе 3,2 пайыз). Бес аймақта (Алматы, Астана, Қызылорда және Маңғыстау облыстары, СҚО) өзгеріс болмаған, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы облыстары мен ОҚО-да қысқартулар болған", - деді мамандар.
2016 жылдың бірінші тоқсанында экономикалық белсенді халықтың саны 0,1 пайызға, жұмыс істейтін халықтың 0,2 пайызға өскені айтылады.
Мамандардың мәліметінше, экономикалық белсенді халықтың 5 пайызы жұмыссыз.