05 қараша 2015 | 11:22

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 300 теңгеден асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 300 теңгеден асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Kurs.kz мәліметтері бойынша, шетелдік валютаның мұндай құны Алматыдағы ақша айырбастау орындарында сағат 10.50-дегі жағдай бойынша тіркелді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 300 теңгеден асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Kurs.kz мәліметтері бойынша, шетелдік валютаның мұндай құны Алматыдағы ақша айырбастау орындарында сағат 10.50-дегі жағдай бойынша тіркелді.

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 298,92 теңге болды. Бірінші келісім 291 теңгемен жасалды. Ең жоғары баға - 300. Сауда көлемі 100,8 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 22 мүшесі қатысты.

Айта кетейік, доллардың қымбаттауы ҚР Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов отставкаға кеткеннен бері жалғасып жатыр. Еске сала кетейік, 2 қарашада ҚР Ұлттық банктің төрағасы ауысты. Қайрат Келімбетовтің орнына Данияр Ақышев келді

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети