Ақтөбе тұрғыны мемлекетке 650 миллион теңге шығын келтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе тұрғыны мемлекетке 650 миллион теңге шығын келтірді Фото Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Ақтөбе тұрғыны мемлекетке 650 миллион теңге шығын келтірген. Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі агенттігі Ақтөбе облысында жалған шот-фактуралар жазған тұрғынның заңсыз әрекетін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе тұрғыны мемлекетке 650 миллион теңге шығын келтірген. Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі агенттігі Ақтөбе облысында жалған шот-фактуралар жазған тұрғынның заңсыз әрекетін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе тұрғыны 2017 жылы тоғыз фирма құрып, өз атына ЖШС ретінде тіркегені анықталды. Ол ҚҚС төлеуші ретінде есепке тұрып, заңды тұлғаны тіркеу рәсімінен өткен және екінші деңгейлі банктерде шот ашқан. Ол ЖШС арқылы ақшасын қолма-қол ақшаға айналдырғысы келетін контрагенттерді іздеп, заңсыз іспен айналысқан. Мемлекетке келген шығын сомасы 650 миллион теңгеден асады.

"Ақтөбе соты оны қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, ҚР ҚК-нің 216-бабы 3-бөлігі бойынша үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан және 10 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымын атқару құқығынан айыру туралы үкім шығарды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында жалған шот-фактураларды іс жүзінде істелмеген жұмысқа жазып беру дерегі анықталған еді. Мемлекетке шамамен бір миллиард теңге көлемінде залал келгені хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети