22 желтоқсан 2015 | 16:09

Ақышевтың баспасөз мәслихатынан кейін доллар тағы 4 теңгеге арзандады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша доллар 332,67 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2015 жылдың 22 желтоқсанында сағат 11.00 мен 12.00 аралығында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Жиын басталғанға дейін доллар 336,66 теңгеге дейін арзандаған еді.

Иконка комментария блок соц сети

22 желтоқсандағы күндізгі сессияда алғашқы келісім 333 теңгемен басталды. Ең жоғарғы баға - 336,5 теңге. Ең төмені 330 теңге болды. Сауда көлемі 95,95 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 27 мүшесі қатысты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындарында доллар 333-339 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 2015 жылдың 21 желтоқсанындағы таңғы сессияда доллар 349,12 теңгеге тең болған еді. Осыдан кейін доллар арзандай бастады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети