1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Қаржы-қаражат

Әлеуметтік төлемдерді алу үшін БЖТ төлеушілері не білуі керек?

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдеріТөтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған БЖТ төлеуші-тұлғаларға 42 500 теңгені қалай алуға болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ережелері бойыншаәлеуметтік төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан Салық кодексінің 774-бабы бойынша бірыңғай жиынтық төлемнің төлеушілері болып саналатын жеке тұлғаларға беріледі.

"Бірыңғай жиынтық төлем жалдамалы қызметкерлерсіз жылына 1 175 АЕК (2,96 миллион теңге) кем мөлшерде табыс (айналым) ала отырып, кәсіпкерлік қызмет шеңберінде басқа жеке тұлғаларға (салық агенттері болып табылмайтын) жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін өткізуді немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын жеке тұлғаларға арналғанын ескерген жөн.

Мысалдар: бір жолғы жалдамалы еңбек (тұрмыстық техниканы, сантехниканы және т.б. жөндеу), жекелеген жеке қызметтер (репетиторлар, күтушілер, отырғыштар, тапсырысқа тоқу), бағдарламаларды орнату қызметі (НЖ орнату, қарсы вирус және т. б.), өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірілген сүтті, картопты сату, басқа жеке тұлғаларға және тағы басқа", - дейді комитеттегілер.

Бірақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ тұрғын үйді қоспағанда, мүлікті жалға беретін стационарлық нүктелер (коммерциялық объектілер - сауда объектілері, базарлар және т.б.) арқылы қызметін жүзеге асыратын адамдар БЖТ төлеушілер бола алмайды дейді олар.

"Бұдан басқа, БЖТ төлеуші - жеке тұлға дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға (адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және кәсіби медиаторлар) ретінде тіркелмеуі тиіс, олар үшін осындай әлеуметтік төлемдерді алудың өзге тәртібі көзделген және БЖТ төлеу талап етілмейді", - деп түсіндірді комитет өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Доллар арзандады