Алматыда өтетін Ислам қаржы қызметтері кеңесінің саммитіне 35 елден делегат келеді

05 Қаңтар 2015, 11:49
0
Алматыда өтетін Ислам қаржы қызметтері кеңесінің саммитіне 35 елден делегат келеді - ©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Биыл Алматыда өтетін Ислам қаржы қызметтері жөніндегі кеңестің 12-саммитіне (IFSB) 35 елден 300-ден астам делегат қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның ішінде реттеу және қадағалау органдарының, халықаралық қаржы институттарының өкілдері, қаржы нарығына қатысушылар мен ғылым және білім беру саласының мамандары бар. Еске сала кетейік, саммит 2015 жылы мамырдың 19-21 аралығында өтеді. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, самитті өткізу туралы меморандумға Ұлттық банк пен IFSB 2014 жылдың 31 желтоқсанында қол қойды. Айта кетейік, IFSB саммиті әлемде исламдық қаржыландыруды дамыту, қаржы мекемелерінің қызметін реттеу, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету сияқты қызметтерді атқарады, сонымен қатар ол - исламдық қаржы индустриясының негізгі ойыншыларының диалог жүргізетін алаңы.

Саммит алғаш рет 2004 жылы Уэльс ханзадасы Чарльздің басқаруымен Ұлыбританияда өтті. Одан кейін Катарда, Ливанда, БАӘ-де, Иорданияда, Сингапурда, Бахрейнде, Люксембургте, Түркияда, Малайзияда және Маврикияда өткізілді. Саммит жыл сайын мамыр айында өтеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай