Ақша айырбастау орындарында доллар арзандады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақша айырбастау орындарында доллар арзандады

Ақша айырбастау орындарында доллар арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kurs.kz мәліметтеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақша айырбастау орындарында доллар арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kurs.kz мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күні кеше ғана 387 теңгеден сатылған доллар қазір 383,9 теңгеге бағаланып жатыр.

Мұның алдында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бюджетте доллар бағамының 370 теңге болатынын айтқан еді.

"Бұл сұрақты Ұлттық банктегілерге қойыңыздар. Біздің келесі жылға әлеуметтік-экономикалық даму жоспарымызға сүйенсек, ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 370 теңге көлемінде болады", - деген еді министр.

Ұлттық валютаның биржадағы құны 26 желтоқсаннан бастап бірден төмендеді, ол кезде бір доллар 374 теңгеге бағаланды. 26 желтоқсанда ақша айырбастау орындары долларды тіпті 378 теңгеден сата бастады. 28 желтоқсанда ақша айырбастау орындарында бағам 383 теңге болды. Ал 29 желтоқсанда бір доллар 387 теңгеден сатылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети