Астана бюджетіне алғаш рет триллион теңгеден астам қаржы жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана бюджетіне алғаш рет триллион теңгеден астам қаржы жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Астаналық Мемлекеттік кіріс департаменті ең үлкен міндетті орындады - бюджетке миллионан аса теңге жинады. Бұл Мемлекеттік кіріс департаменттің үш қызметінің (кедендік, салықтық және экономикалық тергеу) реті жұмысының арқасында мүмкін болды", - дейді МКД басшысының міндетін атқарушы Алмат Иманғожин.
Сонымен қатар, ведомствода көлеңкелі экономикаға қарсы мақсатты жұмыс жүргізіліп жатқанын айтылды.
"EXPO-2017 қарсаңында Департамент көлеңкелі ақша айналымын қысқартуға бағытталған көлемді бақылау-алдын алу шараларын өткізіп жатыр. Астанадағы барлық аудандық салық қызметін көрсететін орталықтар жетілдірілді, Қазақстанда алғаш рет кедендік құжаттамасы бар көліктік-логистикалық орталық ашылды, бұл тұрғындар мен бизнеске мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырып, айтарлықтай жылдамдатуға мүмкіндік берді", - делінген таратылған хабарламада.