09 шілде 2015 | 10:01

Астанада 11,5 миллиард теңгенің мүлкі заңдастырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© exporealty.kz © exporealty.kz

Астанада 11,5 миллиард теңгенің мүлкі заңдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада 11,5 миллиард теңгенің мүлкі заңдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, елордада жалпы сомасы 11 600 180 мың теңге болатын 2,5 мыңнан аса нысан заңдастырылды. ҚР аумағындағы мүлікті заңдастыру туралы жергілікті атқарушы органдары жанындағы комиссияға жалпы сомасы 44 360 479 мың теңгенің мүлкін заңдастыру бойынша 2 649 өтініш келіп түскен.

"Бұл соманың ішінде 24 908 496 мың теңге - 3 342 тұрғын үй нысаны, 18 994 034 мың теңгенің 3 772 тұрғын үйге жатпайтын нысан, соның ішінде, 13 645 318 мың теңге сомасындағы 439 коммерциялық нысан мен 457 949 мың теңге сомасындағы 5 заңды тұлғаға қатысу үлесі бар. Ал ҚР шекарасында орналаспаған мүлікті жария ету бойынша Астана органдарына 7 шілдедегі жағдай бойынша өтініш түскен жоқ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, мүлікті заңдастыру 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады, ал мүлік туралы (ақшадан басқа) құжаттарды тапсыру биыл 30 қарашада аяқталады. 

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети