23 қазан 2014 | 19:02

Астанада мерзімі өтіп кеткен несиелер үлесі үштен бір бөлікке азайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Қазақстанда мерзімі өтіп кеткен несие мәселесімен сергелдеңге ең аз түсетін – Астана банктері. Елордада мұндай қарыздар бір айда үштен бір мөлшерге қысқарған, - деп жазады Ranking.kz. Онда Қазақстаның 11 аймағында мерзімі өтіп кеткен несиелер үлесі азайғандығы да жазылған. Бірақ абсолютті төмендеу көрсеткіштері бойынша Алматы мен Астана озып тұр.

Иконка комментария блок соц сети

Алматыда "нашар" несиелер үлесі шамамен 48 миллиард теңгеге азайған (2,6 пайыз). Ал Астанада – 37,4 миллиард теңгеге (30,7 пайыз бір айда). Аталған порталдың деректері бойынша мегаполистер бір айда несиелер бойынша мерзімі өтіп кеткен қарызды екеуінікін қосқанда 85 миллиард теңгеге азайтқан. Қазақстанның қалған өңірлерінде мерзімі өтіп кеткен несиелер көлемі аз-маз ғана төмендеген.

Қазақстандықтар банктердегі мерзімі өтіп кеткен несиелерін толықтай жауып тастауға асықпайды. Десек те, жалпы алғанда республика бойынша олардың үлесі 85,5 миллиардқа, яғни 3,7 пайызға азайған. Ағымдағы жылдың жазында, қазақстандық банктердің көбісі мерзімі өтіп кеткен несиелерінің көлемін азайтты деп мәлімденген болатын. Бір айдың ішінде "нашар" несиелер портфелі 2,3 пайызға (126,4 миллиард теңгеге) қысқарды.

Бұл ретте қарыздарының мерзімі өтіп кеткен несиелер үлесі бір айда 37,4 пайыздан 37 пайызға төмендеді. Маусым айында 38 қазақстандық банктің 22-сі несиелер бойынша мерзімі өтіп кету көлемін азайтқан болатын. 2014 жылдың бірінші жартысы бойынша банк саласындағы барлық мерзімі өтіп кеткен несиелер сомасы 5,4 триллион теңгеге жеткен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети