22 шілде 2018 | 09:53

Азаматтығын "сататын" елдердің рейтингі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bloomberg агенттігі экономикасына инвестиция салу арқылы азаматтығын алуға болатын елдердің рейтингін жариялады.


Иконка комментария блок соц сети

Bloomberg агенттігі экономикасына инвестиция салу арқылы азаматтығын алуға болатын елдердің рейтингін жариялады.

Тізімде он ел бар, олардың сегізі ХВҚ классификациялары бойынша оффшорлық аймақ болып есептеледі. Алайда кәсіпкерлердің басым бөлігі азаматтықты басқа себептермен сатып алады.

"Егер сізде яхта, екі ұшақ болса, керегі - Мальта төлқұжаты. Бұл статустың соңғы символы. Бізде оларды жай ғана коллекция ретінде жинайтын клиенттер бар", - деді азаматтық мәселелері бойынша кеңес беретін Henley & Partners компаниясының басшысы Кристиан Келин агенттікке.

"Ең қымбаты" - Австрия азаматтығы. Австриялық төлқұжатты алу үшін жергілікті экономикаға 23,75 миллион доллар салу керек. Екінші орында - Кипр, бұл елдің азаматтығын "сатып алу" үшін жергілікті экономикаға 2,375 миллион доллар салу қажет. Үшінші орында - Мальта, бұл елдің төлқұжатының құны инвесторлар үшін - 1,065 миллион доллар.

Ең арзан азаматтық Сент-Люсия, Доминика, Антигуа және Барбуда елдерінде. Бұл елдерде азаматтықты 100 мың долларға "сатып алуға" болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети